A
F
O
S

«Bilim park» теміржолшылар кенті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, Теміржолшылар кенті « Bilim park » комьюнити орталығы

Орталықтың аумағы – 2310,7 м2  құрайды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Сороковая станциясында (Теміржолшылар кенті)  «Bilim park»  атауымен Оқушылар сарайының (Communiti centre) филиалы ашылды. Бұл орталық Сороковая станция, Жабаева 14 мекен жайында орналасқан
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, «Bilim park» өнер-білім орталығында оқу жылының басында 1200-ге жуық оқушы тіркеліп, қазіргі таңда білім алуда. Аз қамтылған отбасы-15, көпбалалы отбасы-135. Үйірмелер саны -32, Мұғалімдер саны- 28. Орталықтағы жұмысшылар саны-13.  Кабинеттер саны-23. Қазіргі таңда 32 үйірме жұмыс жасайды. Оқушылардың 90%-ы Mindal порталына тіркелген. Біздің оқушылар кәсіби қамтылған 23 кабинетте білім алып, жаттығуда.Сондай-ақ  біздің филиалда оқу жылының ортасында ботаникалық бақ ашылды. Оқушылар сонда сурет салып, гүл отырғызып, жаттығу жасап  таза ауада уақыттарын тиімді өткізеді. 2022 жылы «Білім парк» филиалында медицина мамандығына түсетін оқушыларды дайындайтын «Медицина» үйірмесі ашылды. Қазіргі таңда істеп жатқанына 2 жыл толды. Оқушылар саны жылдан-жылға артуда