Спорттық- сауықтыру үйірмелері- балалар мен жасөспірімдердің рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамыта отырып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігін арттырады. Әрбір оқушының бос уақытында өз ынтасымен қатар салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жұмыс жасайтын оқушылар сарайында спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жүргізіледі. Нақтылай айтатын болсак, бұл бағытта 24 үйірме жұмыс жасайды. Аталмыш бағыт бойынша оқушылардың ақыл- ойын дамытып, дененің дұрыс және сау қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді