Ғылыми- техникалық үйірмелері- оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытумен қатар, өз-өздерін танып-білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды. Жас жеткіншектерге ғылым мен техниканың сырын меңгертіп баулуда, жаңашылдыққа бағыт алу мақсатында жұмыс жасайтын оқушылар сарайында бұл бағыт бойынша 19 үйірме жұмыс жасайды. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысып, арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі